«Горсеть» жобасы KazNIC-пен алдын-ала келісім бойынша, басқа интернет желілердегі қолжетімді бейнетрансляцияларды орналастыру мүмкіндігін ұсынады.

1. Пайдалану шарттары

Бейнетрансляциялар келесі шарттар сақталған жағдайда ақысыз негізде ұсынылады:

  • Бейнеағындарды пайдалану тек келісілген интернет-ресурста рұқсат етіледі.
  • Әрбір бейнетрансляцияның астына белгіленген үлгідегі жазу міндетті түрде жазылады.
  • Бейнетрансляцияның дереккөзін өшіруге немесе жасыруға, сондай-ақ бейнетрансляцияны өзінікі ретінде көрсетуге рұқсат берілмейді.
  • Алдын-ала келісусіз бейнеағындарға алынған қолжетімділікті басқа ресурстарға беруге рұқсат берілмейді.
  • Бейнетрансляцияларды пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тиіс.

2. Бейнетрансляция жазуына қойылатын талаптар

Міндетті жазу:

Трансляцияны «Горсеть» (KazNIC) жобасы ұсынған

Рәсімдеу талаптары:

  • Жазу тікелей бейнетрансляцияның астына орналастырылады.
  • Жазудың «Горсеть» (KazNIC) бөлігі, толығымен жартылай қалың қаріппен ерекшеленеді және https://gorset.kz/ сайтына апаратын белсенді сілтеме көрсетіледі.
  • Жазу анық оқылатындай болуы тиіс.
  • Бекітілген тұжырымды өзгертуге немесе қысқартуға жол берілмейді.

3. Қосылу тәртібі

Бейнеағындарды алу үшін интернет-ресурстың мекен-жайын, қызықтыратын трансляциялар тізімін және жауапты тұлғаның байланыс деректерін көрсете отырып, KazNIC-ке жүгіну қажет.

Өтінім келісілгеннен кейін, техникалық қосылуға қажетті ақпарат ұсынылады. Бейнетрансляцияларды сыртқы ресурстарда орналастыруды, оның иесі берілген техникалық ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.

4. Бейнетрансляциялардың қолжетімділігі

Бейнетрансляциялар үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік берілместен, техникалық мүмкіндік болған жағдайда ұсынылады. Қолжетімді трансляциялар түрлері мен қосылудың техникалық параметрлері өзгертілуі мүмкін.

KazNIC осы шарттар бұзылған жағдайда не болмаса техникалық, ұйымдастырушылық немесе құқықтық себептерге байланысты бейнеағындарды ұсынуды тоқтата тұруға немесе толықтай тоқтатуға құқылы.